Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сұлтанов елде қант тапшылығының пайда болу себебін атады

Опубликовано:

Бақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғынының қала дүкендерінде неге қант жоқ деген сұрағына жауап берді. Министрдің жауабы "Ашық диалог" порталындағы жеке блогында жарияланды.

"Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы! Біздің елордада неге қант жоқ? Күнде әлеуметтік маңызы бар тауарларды сататын "Шапағатқа" барамыз, күнделікті қант жоқ екенін, қашан боларын білмейтінін айтады. Барлық көтерме қойма мен сауда орталығын араладық, қант жоқ", – деп жазды бір қолданушы.

Ал Сұлтанов өз жауабында қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына тыйым салуымен байланысты екенін айтты.

"ЕЭК кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі шешімі шеңберінде Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілді", - деп хабарлады министр.

Cондай-ақ ол қазір Қазақстан арқылы өтетін теміржолдарда қант тиелген 152 вагон жүріп жатқанын, олар 10 мың тоннадан астам өнім тасымалдайтынын мәлімдеді. Оның ішінде 58 вагон жүк түсіру үшін дайын болса, 94 вагон бір апта ішінде межелі станцияға жетеді деп күтілуде.

Одан бөлек Бақыт Сұлтанов Қазақстан бойынша қант зауыттарында өңдеуге арналған шикі қант құрағы бар 116 вагон тасымалданып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971839-baqyt-sultanov-elde-qant-tapsylygynyn-paida-bolu-sebebin-atady/

pixel