Алматы метросында жолаушылары бар пойыз екі станцияның ортасында тұрып қалды (видео)
Опубликовано:

Бүгін, 31 мамырда Алматы метросында жолаушылар мінген пойыз екі станция арасында тұрып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі станция арасында тұрып қалған вагонда түсірілген видео Zakon.kz басылымының Telegram арнасында жарияланды.
Осыған байланысты NUR.KZ тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне хабарласты.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін пойыз техникалық себептерге байланысты Алмалы мен Абай станциялары арасындағы туннельде тоқтап қалған. 15 минуттан кейін пойыз қозғалысы қалпына келтірілген.
"Себептері анықталуда, ақпарат қосымша хабарланатын болады. Пойыздар кестесі қалпына келтірілуде", - деді метрополитеннің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, 30 мамыр күні Алматыда "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станциялары ашылған болатын. Сонымен бірге "Сарыарқа" метро станциясы ашылған күні оның атауындағы бір әріп түсіп қалғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971867-almaty-metrosynda-zolausylary-bar-poiyz-eki-stanciyanyn-ortasynda-turyp-qaldy-video/