Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде төрт жоғары оқу орнының ғимаратына "жарылғыш зат" қойылды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе
Видеодан кадр: instagram.com/zello_aktobe.04

31 мамыр күні сағат 12:30-да Ақтөбе облыстық полиция департаментінің электрондық поштасына жоғары оқу орны ғимараттарында жарылғыш зат бар екені туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламадан кейін аталған мекенжайға шұғыл қызметтер пен саперлер дереу аттанған. Ғимараттарда жарылғыш заттың бар-жоғы тексерілген.

Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Жұбанов атындағы мемлекеттік университеті, Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе институты мен Бөкенбаев атындағы заң институтының студенттері, оқытушылары мен техникалық қызметкерлер эвакуацияланған.

Мамандар оқу орындарынан жарылғыш зат таппаған. Қазіргі уақытта құқыққорғаушылар анонимді хабарлама авторын анықтап, ұстауға бағытталған шұғыл шаралар өткізіп жатыр.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - деді өңірдік полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971868-aqtobede-zarylgys-zat-qoiyldy-degen-aqparattan-son-tort-zoo-tekserildi/

pixel