Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лаура Мырзағалидың жаңа қызметке ауысатыны рас па: Әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Лаура Мырзағали
Лаура Мырзағали. Фото: Алматы қалалық ҚДСБ

Алматы әкімдігі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидың емханалардың біріне бас дәрігер болып тағайындалатыны рас па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Лаура Мырзағалидың қала емханаларының біріне бас дәрігер болып тағайындалатыны жайлы ақпарат журналист Михаил Козачковтың Kozachkov offside Telegram парақшасында пайда болды.

Алайда әкімдік бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Лаура Мырзағалиды Алматы емханаларының бірінің бас дәрігері қызметіне тағайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды",- деді қалалық әкімдікте.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі Лаура Мырзағалиды ҚДСБ басшысының орынбасары қызметінен босатуды ұсынған болатын.

"Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар мен этикалық бұзушылықтардың бар екенін көрсетті", – деп хабарлады Әдеп жөніндегі кеңесте.

Сонымен қатар ҚДСБ басшысы Нариман Табынбаевты сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971879-laura-myrzagalidyn-zana-qyzmetke-auysatyny-ras-pa-akimdik-zauap-berdi/

pixel