Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауруханада жүкті әйел көз жұмды

Опубликовано:

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылының ауруханасында жүкті әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Ведомство мәліметінше, 22 мамыр күні 1988 жылғы әйел Кербұлақ аудандық ауруханасына ауыр жағдайда түскен.

Оған барлық тиісті ем-дом шаралары жасалған. Алайда науқас көз жұмған.

Сонымен қатар ведомство жүкті келіншек ауруханаға түскеннен кейін бір күн өткен соң яғни, 23 мамыр күні түсік тастағанын хабарлады.

"Науқастың денесі арнайы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы шыққан кезде тиісті шешім қабылданатын болады. Қазіргі уақытта медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті кезектен тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Оған тәуелсіз сарапшылар қатысатын болады", - делінген хабарламада.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы 1988 жылғы әйелдің өліміне нақты не себеп болғанын арнайы сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шыққанда белгілі болатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971895-almaty-oblysynda-auruxanada-zukti-aiel-koz-zumdy/

pixel