Ақмола облысында ер адам 10 жасар баланы соққыға жыққан
Опубликовано:

Ақмола облысы Қосшы қаласында ер адам 10 жасар баланы соққыға жықты, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Ұлының жәбір көргені туралы тәртіп сақшыларына анасы хабарлаған.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 40 жастағы ер адам аулада ойнап жүрген жеткіншектің бетінен жұдырықпен ұрған.
Алдын-ала болжам бойынша, оның ерегісіп қалған балалардың арасына түсуі мүмкін.
"Аталған факт бойынша денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 8-тармағы бойынша "Кәмелетке толмаған балаға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлық орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдікәрімова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971901-aqmola-oblysynda-er-adam-10-zasar-balany-soqqyga-zyqqan/