Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда балалардың ұшақпен тегін ұшатыны рас па: Дәурен Абаев жауап берді

Опубликовано:

әуежай
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев үкімет отырысында ел тұрғындары жазғы отбасылық демалысында қалай ақша үнемдей алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәселені жиында премьер-министр Әлихан Смайылов көтерді.

Ол азаматтарымыздың демалысына жұмсайтын шығынын азайту және ішкі туризмді дамыту мақсатында Kids Go Free – "Балалар тегін саяхаттайды" балалар әуе билеттерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шарасы күшіне енгенін еске салды.

Оның айтуынша, балалар мен жасөспірімдер арасында ішкі туризмді насихаттау және дамыту жұмыстарын жергілікті әкімдіктер белсенді түрде жүргізуде.

Осыған байланысты үкімет басшысы туристік сапарлар аясында балалар әуе билетін субсидиялау бойынша қандай шаралар қабылданғанын сұрады.

"Kids Go Free шарасы бар. Біз балаларды тегін билеттермен қамтамасыз ететін боламыз", – деп жауап берді Дәурен Абаев.

Kazakh Tourism сайтындағы мәліметке сүйенсек, Kids Go Free ата-аналарға елде демалатын кәмелетке толмаған баласының билет ақысын төлемеуге мүмкіндік береді.

Бұл мүмкіндікті тек Қазақстан азаматтары пайдалана алады. Шара турпакеттің бір бөлігі ретіндегі сапарларға ғана қатысты, оларды ішкі туризмге сапарларды ұйымдастыруға лицензиясы бар туроператордан сатып алу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972000-qazaqstanda-balalardyn-usaqpen-tegin-usatyny-ras-pa-dauren-abaev-zauap-berdi/

pixel