Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлының темір тұлпар сыйлағанын көрген әке көз жасына ерік берді

Опубликовано:

Әкесіне көлік сыйлады
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде жас жігіттің әкесіне көлік сыйлаған сәтінің видеосы пайда болды. Ролик аз ғана уақыттың ішінде үлкен танымалдылыққа ие болып, 120 мыңнан астам қаралым жинап үлгерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрлардан ер адамға баласының темір тұлпар сыйлағанын байқауға болады. Бұны көрген желі қолданушылары пікірлерін жарыса қалдырды.

Олардың басым бөлігі әкесін құрметтеп, абыройын асқақтатқан баланы мақтап, алғыстарын білдірген.

"Дәл осындай бала тәрбиелеген әке-шешесіне көп рақмет", "Керемет тосынсый", "Менің де көзіме жас келді", "Жарайсың", "Бәріңізге жұғысты болсын. Әкесін сыйлаған баланың әрқашанда жолы болады", "Қандай күшті сезім", "Сіз сияқты салихалы, саналы ұрпақ көп болсын", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972006-ulynyn-temir-tulpar-syilaganyn-korgen-ake-koz-zasyna-erik-berdi/

pixel