Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ басшысы Шымкент перзентханасы маңындағы жарылысқа себеп болуы мүмкін нұсқаларды атады

Опубликовано:

Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды
Перзентхана маңындағы жарылыс. Фото: Шымкент қалалық ТЖД

ТЖМ басшысы Юрий Ильин министрлер кабинетінің кулуарында Шымкент қаласындағы перинаталдық орталықтың маңында болған жарылысқа не себеп болуы мүмкін екенін айтты. Бұл жайттан үш адам көз жұмған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Юрий Ильин қазір жарылыстың орын алуына себеп болуы мүмкін бірнеше нұсқа қарастырылып жатқанын айтты.

"Онда дәрілік препараттар өндіру үшін химиялық заттар көп мөлшерде сақталған. Қалай болғанда да, оған (жарылысқа - ред.) сутек пероксиді себеп болуы мүмкін. Бұл - нұсқалардың бірі. Одан бөлек тергеу іс-шаралары барысында күзет компаниясы нысанда қозғалыс байқалғанын айтқан, себебі датчиктердің іске қосылғаны анықталған. Қасақана жасалуы мүмкін деген нұсқа да қарастырылуда", - дейді ТЖМ басшысы.

Айта кетейік, 21 мамырда Шымкенттегі №1 перинаталдық орталықтың қасындағы дәрі сақтайтын екі қабатты ғимаратта жарылыс болғанын хабарлаған едік.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, оның бірі - жаңа туған нәресте.

Қазір бұл факт бойынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972053-tzm-bassysy-symkent-perzentxanasy-manyndagy-zarylysqa-ne-sebep-boluy-mumkin-ekenin-aitty/

pixel