Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Павлодарда бойжеткенді бір ұрып құлатқан азаматтың видеосы тарады

Опубликовано:

Павлодар
Видеодан кадр: instagram.com/vseobovsem_pvl

Әлеуметтік желіде ер адамның бойжеткенде бір ұрып құлатқаны бейнеленген видео пайда болды. Видео авторы павлодарлық арудың айғайын барлық аула естігенін айтады. Оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған видеодан ер адамның бастапқыда қызбен жай сөйлесіп тұрғанын, кейін оған жұдырық сермегенін, бойжеткеннің жерге құлап түскенін байқауға болады.

Артынша ер адам қоршаудан өтіп кетпек болады, ал қыз оны тоқтатуға тырысады.

Жазбада оқиғаның Чокин көшесінде болғаны айтылған.

"Сағат түнгі 02.00. Бұл қыздың айғайын барлық аула естіді, ер адам оны жол бойы ұрып-соқты", - делінген видео сипаттамасында.

Ал көптеген желі қолданушысы неге ешкімнің полиция шақырмағанына аң-таң.

"Авторды да әрекетсіздігі үшін жауапқа тарту керек", "Неге ешкім полиция шақырмай, видеоға түсірген?", "Барлық аула естісе де, бір адамның шықпағанына таңғалып отырмын?" , "Көмектесе алмасаңыз, полиция шақырыңыз", - деп жазды олар.

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша құзырлы органға ешкім жүгінбегенін айтты. Дегенмен тәртіп сақшылары жәбірленушіні полицияға арыз жазуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972068-zelide-pavlodarda-boizetkendi-bir-uryp-qulatqan-azamattyn-videosy-tarady/

pixel