Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көлігіне қымбат нөмір таққандар мемлекетке салық төлемей келген

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда темір тұлпарына қымбат әрі сәнді нөмір таққандар салықтан жалтарған. Деректі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары анықтаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, мониторинг кезінде бюджетке ірі көлемде қаражат түспегені белгілі болған. 2019-2021 жылдары 59 тұлғадан мемлекеттік тіркеу нөмірін беру үшін 14 млн теңгеден астам мөлшерінде мемлекеттік баж бюджетке түспеген. 

78 адам 3 млн теңге шамасында мемлекеттік баж жеткіліксіз төлеген. Тағы 52 қызмет алушы  14,4 млн теңге мемлекеттік баж төлеуден негізсіз босатылғаны анықталды. Қазір қымбат нөмірді тағып, қомақты салықты төлемей жүргендерінің себебі тексеріліп жатыр.

"Осы мониторинг нәтижесінде мемлекетке барлығы 31,5 млн теңгеден астам залал келтірілгендігі анықталды. Мониторинг нәтижесімен аталған ақпарат қазіргі таңда уәкілетті орган, яғни Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Атырау облысы  бойынша  департаментіне жолданды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Жәнібек Қаражанов.

Материал авторы: Б. Надірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972106-atyrauda-koligine-qymbat-nomir-taqqandar-memleketke-salyq-tolemei-kelgen/

pixel