Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атыс болып жатыр": Алматы облысында жалған ақпарат берген адамның басы дауға қалды

Опубликовано:

қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында телефон арқылы Шамалған ауылында атыс болды деп жалған хабар берген адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 31 мамыр күні Қарасай ауданының полициясына Шамалған ауылында бір топ ер адамның бір-біріне оқ жаудырып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабар алысымен полицияның жеке құрамы Шамалған ауылына барған. Алайда ақпарат жалған болып шыққан.

Тәртіп сақшылары жалған хабарлама берген адамды анықтады. Ол 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Айтуынша, Шамалған ауылында бір топ адамның жиналып тұрғанын байқаған. Олардың тұрысы өзіне күдікті болып көрінген соң полицияға атыс туралы хабарлаған.

Кейін ер адамның ішімдік ішкені де анықталған. Енді оған қатысты әкімшілік шара қолданылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972135-atys-bolyp-zatyr-almaty-oblysynda-zalgan-aqparat-bergen-adamnyn-basy-dauga-qaldy/

pixel