Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау тас жолында жүк көлігі өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Көлік өртенді
Оқиға орнынан фото: Lada.kz

Кеше, 1 маусым күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы тас жолдың бойында жүк көлігі өртеніп кетті. Куәгерлер отқа оранған көлікті видеоға түсіріп алған.

Lada.kz басылымының мәліметінше, құтқарушылар пультіне Mercedes жүк көлігінің тартқышы мен жартылай тіркемесінің өртенгені туралы ақпарат 1 маусым күні сағат 17:25-те түскен.

Өрт сағат 17:59-да ауыздықталды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысындағы темір жол өткелінде пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972149-mangystau-tas-zolynda-zuk-koligi-ortenip-ketti-video/

pixel