Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мұғалімдерге арналған ақылы семинар төңірегінде дау шықты

Опубликовано:

Мұғалім
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған ақылы курс төңірегінде дау шықты. Мектеп ұстаздары әлеуметтік желіде курстан өтуге мәжбүр болғанын мәлімдеген. Аталған жайтқа қатысты өңірдің білім беру басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқытушылардың чатындағы әңгіме мен аудиожазбалар Instagram желісіндегі kris_p_issyk парақшасында жарияланған.

"Мұғалімдер ақылы курстарға мәжбүрлі түрде қатысқанын айтып, шағымданып жатыр",- делінген жазба астында.

Ал жарияланған аудиожазбадан бейтаныс әйел адам курсқа жазылған барлық мұғалім төлем жасауы қажет екенін қатаң түрде ескертіп жатқаны естіледі. Ол курсқа 210-ға жуық мұғалім жазылғанын, барлығы ақшаны қолма-қол беруге тиіс екенін, төлем банк аударымы арқылы қабылданбайтынын жеткізген.

Аталған жайтқа қатысты Алматы облыстық білім беру басқармасы пікір білдірді.

"Алматы облыстық білім беру басқармасы педагогтарға ақылы курстар мен семинарлар өткізуге тыйым салады. Бұл оқиғаға келсек, 1-4 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданында ағылшын тілі мұғалімдерінің бастамасымен екі күндік ақылы семинар өткен.

Курс өткізуге рұқсат берген аудандық оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері ескерту алды. Бұл мәселе білім беру басқармасының қатаң бақылауына алынды",- делінген ведомство хабарламасында.

Бұл дауды Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі де назардан тыс қалдырған жоқ. Жергілікті атқарушы орган мұғалімдер ақылы семинарға өз еркімен қатысқанын, мектептердің басшылығы ешкімді мәжбүрлемегенін хабарлады.

Айта кетейік, желідегі жазба астында өзін мұғалім ретінде таныстырған бірнеше адам кәсіби деңгейін арттыру үшін ақылы семинар өткізуді өздері сұрағанын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972167-almaty-oblysynda-mugalimderge-arnalgan-aqyly-seminar-tonireginde-dau-syqty/

pixel