Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даниал Ахметов кәсіпорындарға көмірді қарызға беруді ұсынды

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 2022-2023 жылындағы жылыту маусымында көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қала мен аудан әкімдерімен кеңес өткізді. Жиында ол ірі кәсіпорындарға қарызға көмір беру ұсынылғанын айтты.

Даниал Ахметов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазіргі кезде көмір жеткізу кестесі "ҚТЖ" ҰК"акционерлік қоғамымен келісіліп жатқанын сөз етті.

Оның айтуынша, Өскеменнің әрбір көмір қоймасында бес мың тонна қор бар. Күзгі дүрлігудің алдын алу үшін әлеуметтік нысандар, сондай-ақ шағын қазандықтар көмірді қазірден бастап сатып алуы тиіс, осы мақсаттарға бюджеттік қаржыландыру көзделген.

Бұдан бөлек, облыс басшысы қала мен аудан әкімдеріне тұйықтардың жұмысы мен жай-күйін тексеру туралы тапсырма берген.

"Сонымен қатар, біз ірі кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, олар өз қызметкерлеріне көмірді "жалақыға", яғни одан әрі бөліп-бөліп сатып алуға мүмкіндік бере алады.

Әр 10 күн сайын әкімдерді осы мәселе бойынша тыңдайтын боламын, тамыз айына қарай барлық әлеуметтік нысан барлық маусымға көмірмен толық қамтамасыз етілуі тиіс", - деді өңір басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972245-danial-axmetov-kasiporyndarga-komirdi-qaryzga-berudi-usyndy/

pixel