Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Опубликовано:

Ғалымжан Ниязов
Ғалымжан Ниязов. Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысының соты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген өңір әкімінің орынбасары Ғалмжан Ниязовты үй қамауында ұстау мерзімі 24 маусымға дейін ұзартылғанын хабарлады, деп жазады Lada.kz.

Басылымның жазуынша, Маңғыстау облысының әкімдігі мемлекеттік қызметкердің жұмыстан шеттетілгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген.

"Ғалымжан Ниязов 25 мамырдан бері жұмыс орнында жоқ, қосымша пікір алу үшін құқық қорғау органдарына жүгініңіз", - деді ведомстводан.

Облыстық соттың хабарлауынша, шенеунікті үй қамауында ұстау мерзімі ұзартылған.

"Ақтау мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 жылғы 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзартылды", - деп хабарлады соттан.

Еске сала кетсек, биыл 4 ақпанда Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Ғалымжан Ниязовтың ұсталғанын растаған еді.

Шенеунік ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Ақпан айында оның үй қамауына алынғаны белгілі болды. Сондай-ақ 25 мамыр күні Ниязовтың жұмысқа шыққаны да хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972252-mangystau-akiminin-orynbasary-galymzan-niyazovty-qamauda-ustau-merzimi-uzardy/

pixel