Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зерттеу: Дубайда 1,5 мыңнан астам қазақстандықтың жылжымайтын мүлкі бар

Опубликовано:

БАӘ
Фото: pixabay.com

Еуроодақ салық обсерваториясының (EU Tax Observatory) сарапшылары мамыр айындағы баяндаманы ұсынды. Онда Дубайдағы 800 мың жылжымайтын мүліктің иесі туралы ақпарат бар. Құжат обсерваторияның ресми сайтында жарияланды.

Сарапшылар 2022 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша Дубайдағы жылжымайтын мүлікке Қазақстанның 1550 азаматы иелік ететінін жеткізді.

Оларға жалпы құны 1,018 млрд АҚШ доллары болатын 2694 жылжымайтын мүлік объектісі тиесілі. Орташа алғанда, бір нысанды сатып алуға 377 989 АҚШ доллары жұмсалған.

Ал Біріккен Араб әмірліктерінің ірі қаласында 106 Қырғызстан азаматының 236 жылжымайтын мүлкі бар. Бұл 102 млн АҚШ долларын құрайды.

Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты келесі ақпарат жарияланған: 5381 ресейлік 9755 жылжымайтын мүлікке ие, оның жалпы құны 3,344 миллиард АҚШ долларына тең.

Айта кетейік, EU Tax Observatory - 2020 жылы Еурокомиссия құрған қоғамдық ұйым. Оның мақсаты - әлемдегі салық төлеуден жалтару және ақшаның ізін жасыру проблемаларына назар аудару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972262-zertteu-dubaida-15-mynnan-astam-qazaqstandyqtyn-zylzymaityn-mulki-bar/

pixel