Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда бойжеткен қарт туысының зейнетақы жинағынан 3,5 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

ұрлық
Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорғанда полицейлер 77 жастағы туысының зейнетақы жинағынан 3,5 млн теңге ұрлады деген күдікпен жас қызды ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 18 жастағы бойжеткен ақшаның бір бөлігін банктегі несиесін жабу үшін жұмсап қойған.

"Қалған қаражат, атап айтқанда, 1 млн 7 мың теңге заңды иесіне қайтарылды. Күдікті ақшаның қалған бөлігін банктегі несиесін өтеу үшін жұмсағаны белгілі болды. Бойжеткен жәбірленушінің туысы болып келеді, және соңғы екі айда оның пәтерінде тұрған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен (ірі көлемдегі ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция күдіктіні қамауға алу туралы мәселені шешуде", - делінген Алматы облысы ПД ресми Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972272-taldyqorganda-boizetken-qart-tuysynyn-zeinetaqy-zinagynan-35-mln-tenge-urlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel