Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 17 жастағы қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберді деген күдікпен екі жігіт ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласында 17 жастағы қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберді деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Күдіктілер қылмысқа барғанын мойындаған, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 27 мамыр күні Алмалы аудандық полиция басқармасына 2005 жылы туған қыздың анасы жүгінген.

Оның сөзінше, қызы 24 мамыр күні үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.

Ведомство қыздың қайда жүргенін анықтау мақсатында тергеу тобы құрылып, оның жоғалып кетуіне қатысы бар адамдарды анықтағанын жеткізді.

Күдіктілер Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Олар 1992 және 2001 жылғы ер азаматтар.

Белгілі болғандай, қыз олармен жоғалып кеткен күні көшеде танысқан. Сезіктілер 17 жастағы қызды өлтіргенін мойындаған.

"Қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп, Қапшағай су қоймасына жақын жерге көміп тастаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша полиция басқармасы жүргізетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972273-17-zastagy-qyzdy-oltirip-denesin-ortep-ziberdi-almaty-oblysynda-eki-er-adam-ustaldy/

pixel