Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жылдықты атап өткен": Түркістан облысында кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Опубликовано:

кортеж
Видеодан кадр: Түркістан облыстық полиция департаменті

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған кортеж жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоны тәртіп сақшылары кезекті мониторинг кезінде анықтаған.

Ведомство мәліметінше, "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының 670 шақырымында бірнеше жүргізуші көлік шеруін ұйымдастырған.

Олардың мектеп бітіргендеріне 10 жыл толғанын атап өткен жастар екені белгілі болды.

Полицейлер жол ережесін бұзып, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтіргендердің жеке басын анықтады.

"Toyota Land Gruizer Prada", "Toyota Rav4" маркалы көліктерін тізгіндеген екі азамат Шымкенттің 20 жастағы тұрғындары болып шыққан.

"Toyota Rav4" жүргізушісіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 614-бабы ("Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру"), "Toyota Land Gruizer Prada" жүргізушісіне 593-бабы ("Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша хаттама толтырылған.

Бұдан бөлек бейнежазбадағы тағы бірнеше көлік жүргізушісінің жеке басын анықтап, жауапқа тарту мақсатында шара қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972287-10-zyldyqty-atap-otken-turkistan-oblysynda-kortez-uiymdastyrgandar-ustaldy/

pixel