Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды "Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады

Опубликовано:

Дәрі
Көрнекі фото: pixabay.com

Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген "Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында хабарлады.

Асхат Аймағамбетов институттың маңызы мен әлеуеті зор екенін атап өтті.

"Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді. Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр", - деп жазды Білім және ғылым министрі.

Сонымен қатар Аймағамбетов Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатын да хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972301-qaragandy-fitoximiya-gylymi-ondiristik-keseni-memleket-mensigine-qaitarylady/

pixel