Тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде жас отбасылар үшін 25 пайыз квота енгізілуі мүмкін

Опубликовано:

Кілт
Көрнекі фото: pexels.com

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Astana Нub аумағында қазақстандық жастармен кездесу өткізді. Оның барысында вице-премьер үкімет жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін қандай жұмыстар атқарып жатқанына тоқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоғжановтың айтуынша, қазір жастардың негізгі проблемаларының бірі – тұрғын үй.

Сондықтан осы мәселені шешу үшін үкімет 2025 жылға қарай тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламасы шеңберінде жас отбасылар үшін 25 пайыз квота енгізуді көздеп отыр.

Одан бөлек премьер-министрдің орынбасары бүгінгі күні 3 өңірде іске асырылып жатқан "Отбасы банкінің" жеңілдетілген ипотека бағдарламасын барлық облыста іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, жастарға арналған аталмыш бағдарлама әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында іске асуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972315-turgyn-ui-bagdarlamalary-senberinde-zas-otbasylar-usin-25-paiyz-kvota-engizilui-mumkin/