Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2 пайызбен несие": "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қашаннан бастап қабылданатыны белгілі болды

Опубликовано:

тұрғын үй
Көрнекі фото: pixabay.com

"Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінім 20 маусымнан бастап қабылданады. Бұл туралы "Отбасы банкі" Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарламаға:

  • көпбалалы отбасы;
  • мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
  • толық емес отбасы (ажырасқан уақыт аралығы 3 жылдан кем болмауы тиіс) санаттары бойынша мемлекеттік пәтер кезегінде тұрған "Отбасы банкінің" салымшылары қатыса алады.

"Жолдама алу үшін әкімшілікке барудың қажеті жоқ, өтінімдер www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн қабылданатын болады. Биыл да былтырғыдай, лимиттерді бөлу барысында басымдық - мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін болады", - деп атап өтті банк өкілдері.

Айта кетейік, бағдарламаға шартына сәйкес, несие 2 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Бастапқы жарна - 10 пайыз.

Одан бөлек болашақта "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатыса алатын адамдар санаты да артпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972319-2-paiyzben-nesie-baqytty-otbasy-bagdarlamasy-boiynsa-otinimder-qasannan-bastap-qabyldanatyny-belgili-boldy/

pixel