Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да төрт адамды жарақаттаған қасқыр құтырған болып шықты

Опубликовано:

қасқыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысындағы Шоқтыбай елдімекеніне шапқан қасқыр құтырған болып шықты. Ауылға екі айға шектеу қойылды. Осы уақыт аралығында жергілікті тұрғындар сыртқа шыға алмайды және малын да сатуға тиым салынды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, қасқыр жарақаттағандардың бірі 4 жасар бүлдіршін. Қазіргі кезде зардап шеккен тұрғындарға құтыруға қарсы дәрі салынып жатыр. Сонымен қатар ауылдағы төрт түліктің барлығына вакцина салынады.

Сонымен қатар телеарна түз тағысы талаған ауыл иттерінің көзі жойылғанын хабарлады.

Ал дәрігерлер құтыру ауруы адамнан адамға жұқпайтынын айтады.

"Аса қауіпті ауру ошағының тіркелуіне байланысты ауылда тіркелген 3 204 бас жануарды құтыру ауруына қарсы вакцинациялау үшін вакцина және дезинфекциялау жұмыстары үшін 11 550 шаршы метр аумаққа дезинфекциялық ерітінді сұратылды.

Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін ауру ошағын жою бойынша жұмыстарды Республикалық эпизоотияға қарсы отряд жүргізетін болады", - деді Батыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында ауылға қасқыр шауып, төрт адам зардап шеккенін жазған едік. Оқиға 7 мамыр күні болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972329-bqo-da-tort-adamdy-zaraqattagan-qasqyr-qutyrgan-bolyp-syqty/

pixel