Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аю фототұзаққа түсіп қалды

Опубликовано:

Аю
Фото: instagram.com/altynemel_np

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін "Тянь-Шань" қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы парк Instagram парақшасында хабарлады.

Алғашқы фотода аюдың тастың үстінде отырғанын көруге болады. Қалған түнде түсірілген екі суретте соқпақ жолмен келе жатқан жыртқыш бейнеленген.

"Тянь-Шань" қоңыр аюы - Памир, Тянь-Шань және Гималай тауларында мекендейтін қоңыр аюдың жеке түрі.

1940 жылдары жыртқыш Сырдария Қаратауы аумағынан толықтай жойылып кеткен. Қазір ол Тянь-Шань жоталарын, сонымен қатар шеткі Алтын-Емел, Тоқсанбай, Қояндытау, Қайқан тау сілемдері бар Жоңғар Алатауын мекендейді.

Аю КСРО Қызыл кітабына, ҚазССР Қызыл кітабына, сондай-ақ Қазақстанның Қызыл кітаына енгізілген.

Сирек кездесетін аюдың бұл түрі Қазақстан мен Өзбекстанның қорықтарында қорғауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972339-almaty-oblysynda-qyzyl-kitapqa-engen-sirek-kezdesetin-ayu-fototuzaqqa-tusip-qaldy/

pixel