Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда мас күйде кафеде ұйықтап қалған ер адамды оятқан қызметкер соққыға жығылды

Опубликовано:

Ішімдік
Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетауда кафеге келген ер адам мекеме қызметкерін беті мен ішінен ұрып жіберген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1 маусым күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына ойын-сауық мекемелерінің бірінің әкімшісінен арыз түскен. Оның сөзінше, түнгі сағат 03.00 шамасында клиенттердің бірі кафе қызметкерін ұрып, содан кейін оқиға орнынан кетіп қалған.

Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары жас жігіттің көп уақыт өтпей қолға түскенін хабарлады.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Белгілі болғандай, ер адам ішімдікке мас болып мекемеде ұйықтап қалған. Оны кафе қызметкері оятып, нысаннан шығарғысы келген уақытта жас жігіт қызметкерге шабуыл жасаған", - деп толықтырды Ақмола облысының полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972380-koksetauda-isip-alyp-kafede-uiyqtap-qalgan-er-adamdy-oyatqan-qyzmetker-soqqyga-zygyldy/

pixel