37 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болмақ
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері республика бойынша күн райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады.
5 маусымда еліміздің шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.
Осы ретте мамандардың болжамынша:
- батыста 22-33 градус жылы;
- оңтүстік-батыста 29-37 градус ыстық;
- солтүстік-батыста 15-25 градустан 20-33 градусқа дейін көтеріледі;
- солтүстік, шығыс және орталықта күндіз 15-26 градусқа дейін жылы;
- оңтүстікте 27-37 градус ыстық;
- оңтүстік-шығыста 22-32 градус жылы болады деп күтілуде.
Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972410-37-gradus-ystyq-zanbyr-bursaq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolmaq/