Семей тұрғыны туысы өзін алдап, үйін рәсімдеп алғанын айтты

Опубликовано:

Әжей
Көрнекі фото: pixabay.com

Семей тұрғыны полицияға туысы үйін өз атына рәсімдеп алғанын айтып, шағымданды. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 15 мамыр күні Семей қалалық полиция басқармасына 68 жастағы тұрғын жүгінген.

Ол 67 жастағы туысы тіркеуге тұру үшін сенімхат жасатамын деген сылтауымен үйін өз атына рәсімдеп алғанын айтқан.

Келтірілген шығын көлемі 10 млн теңгені құраған. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірген. Жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салайық, бұған дейін Петропавл полицейлері алданған зейнеткерге 700 мың теңгеден астам қаржысын қайтарып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972488-semei-turgyny-tuysy-ozin-aldap-uiin-rasimdep-alganyn-aitty/