Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан паспортын Түркияда 30 күн ішінде ресімдеуге болады

Опубликовано:

Құжат1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Түркиядағы отандастарымыз енді Қазақстан паспортын 80 күнде емес, 30 күн ішінде рәсімдей алады. Бұл Түркияда бастау алған жобаның арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды СІМ ресми сайты.

"1 маусымнан бастап Түркия аумағында "Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша "пилоттық жобасы" басталды", - деп мәлімдеді СІМ өкілдері.

Аталған жоба Қазақстанның сыртқы және ішкі істер министрліктерімен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда және Қазақстанның Анкара, Ыстанбұл және Анталья қалаларындағы шетелдік мекемелеріне жүгінген қазақстандық азаматтарға паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктері (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Корея Республикасы (Сеул қ.), Ресей (Мәскеу қ.), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Өзбекстан (Ташкент қ.) мен Жапониядағы (Токио қ.) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972495-qazaqstan-pasportyn-turkiyada-30-kun-isinde-resimdeuge-bolady/

pixel