Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында полицейлер Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіледі

Опубликовано:

Есірткімен ұсталған азамат
Видеодан кадр: Polisia.kz

Жамбылдық полицейлер Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіледі. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі Баусасық құмды аймағында 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі каннабис өсімдігі, 4 келіден астам кептірілген марихуана және 4 грамнан астам каннабис шайыры есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972508-zambyl-oblysynda-policeiler-su-turgynynan-200-kelige-zuyq-esirtki-tarkiledi/

pixel