"Референдум": Дауыс беру бойынша шетелдегі учаскелер толықтай жабылды

Опубликовано:

дауысты санап жатқан қызметкерлер
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Шетелде референдумға дауыс беру бойынша учаскелер толықтай жабылды. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум аяқталды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі ресми Telegram арнасында.

Ведомстовның мәліметінше, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06:00-де Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада дауыс беруге арналған соңғы учаскелер жабылған.

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс беру 72,95 пайызды құраған.

Айта кетейік, 5 маусымда елімізде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум өтті. Астана уақытымен сағат 21.00-де еліміздің барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды.

Кейін Еxit poll нәтижеcі жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972708-referendum-dauys-beru-boiynsa-set-memleketterdegi-ucaskeler-tolyqtai-zabyldy/