Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында пара алды деп айыпталған мекеме басшысы 100 млн теңге айыппұл арқалады

Опубликовано:

конверттегі ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ /Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталған Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков пен "АСПМК-519" ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ресми Telegram арнасында мәлім етті.

Антикордың хабарлауынша, тергеу мәліметі бойынша, Тамерлан Разбеков 2021 жылы ЖШС техникалық директорынан және бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін жалпы сомасы 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Талдықорған қалалық сотының үкімімен Тамерлан Разбеков те, "АСПМК-519" ЖШС басшылығы да кінәлі деп танылған.

Сот Разбековке 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл сала отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырған.

Ал ЖШС басшылығының 3 жылға бас бостандығы шектелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972738-almaty-oblysynda-33500-dollar-para-aldy-dep-aiyptalgan-mekeme-bassysy-sot-aldyna-keldi/

pixel