Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі: 2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін

Опубликовано:

газ
Фото: pexels.com

Мәжілістегі үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Болат Ақшолақовтың сөзінше, қазір газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22 орында ТМД елдері бойынша Ресей мен Түркіменстаннан кейін үшінші орында.

"Газ саласының дамуын тежеп тұрған негізгі фактор бағаны ұстап тұру саясаты болып отыр. Осыған байланысты 2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін және импорттық ресурстарға тәуелді болуымыз ғажап емес", - дейді министр.

Сонымен қатар Болат Ақшолақов газ тұтыну әлемдік экономикада ғана емес отандық экономикада да артып жатқаны байқалып отырғанын атап өтті.

Мысалы, елімізде газ тұтыну 2017-2021 жылдар аралығында 13,8-ден 18,6 млрд текше метрге дейін, яғни 4,8 млрд текше метрге дейін өскен.

Газ тұтыну өсімі шамамен 35 пайызды немесе жыл сайын орта есппен алғанда 7 пайызды құраған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, тауарлық газ ресурсының жалпы көлемінің 64 пайызын өндіретін Қашаған, Қарашығанақ, Теңізшевройл алдағы уақытта тауарлық газдың негізгі өндірушілері болып қала береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972757-energetika-ministri-2025-zylga-qarai-otandyq-gaz-tapsylygy-boluy-mumkin/

pixel