Алдағы күндері еліміздің кей өңірінде 42 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.
Тек республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде.
Еліміздің солтүстігінде күндіз сынап бағанасы 23-30 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде 33 градусқа дейін көтеріледі.
Орталықта 27-35 градус жылы болса, шығыста 28-33 градусқа дейін ыстық болмақ.
Ал оңтүстік өңірлерде күн райы 27-35 градусқа дейін көтерілсе, облыстың оңтүстік-батысында 37-42 градусқа дейін аптап ыстық болуы ықтимал.
Сондай-ақ синоптиктер республиканың шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде үсік жүреді деп болжап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972794-aldagy-kunderi-elimizde-aua-temperaturasy-42-gradusqa-deiin-koterilui-mumkin/