"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Опубликовано:

Арман
Фото: instagram.com/armandzhumageldiev

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

"3 маусымда ауданаралық тергеу соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты", – делінген қалалық сот таратқан хабарламада.

Айта кетейік, "Дикий Арманның" ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтар күні тараған еді. 11 қаңтар күні ол екі айға қамауға алынды.

Наурыз айында "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Кейінірек. оны қамауда ұстау мерізмі 7 маусымға дейін ұзарған болатын.

Ол Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздік" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікке ілініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972807-dikii-armandy-qamauda-ustau-merzimi-uzardy/