Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АӘК алатын қазақстандықтарға газ төмен бағамен берілмек

Опубликовано:

табиғи газ
Көрнекі фото: pexels.com

Атаулы әлеуметтік көмек алатын қазақстандықтарға газ төмен бағамен беріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі ресми сайтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында табиғи монополияларды реттеу комитеті тұтынушылардың жеке тоғызыншы тобын бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл санатқа кіретіндер:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар;
  • тұрғын үй көмегін алатындар.

Белгілі болғандай, аталған жұмысты комитет қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырған.

Нәтижесінде, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап пилоттық жоба аясында Тараз және Орал қалаларында атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар тауарлық газды 20 пайызға төмен бағамен алуда. Бұл 3 мыңнан астам тұтынушы.

Айта кетейік, газға төмендетілген бағаны алу үшін тұтынушы Egov.kz порталындағы АӘК және тұрғын үй көмегін алушы ретіндегі өзінің мәртебесіне көз жеткізуі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972842-aak-alatyn-qazaqstandyqtarga-gaz-tomen-bagamen-berilmek/

pixel