Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда бірнеше ай бойы дүкен сатушыларын алдап, сауда жасады деген күдікпен 3 жігіт ұсталды

Опубликовано:

азықсупер
Көрнекі фото: pixabay.com

Тараз қаласында жас жігіттер бірнеше ай бойы дүкен сатушыларын алдап, сауда жасап келген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зардап шегушінің айтуынша, күдіктілер 5 айға жуық уақыт сатушыларды алдап келген. Дүкен иесі алданғаны тауарларын түгендеу шараларынан кейін бір-ақ білген. Жетіспеушілікті байқаған кәсіпкер барлық сатып алушылардың түбіртектерін тексерген.

"Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тараз қаласының полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 және 17 жастағы үш жігітті ұстады. Олар кінәларын толық мойындады", - деп хабарлады ведомстводан.

Белгілі болғандай, күдіктілер жалған түбіртектер жасау үшін мобильдік қосымшаны қолданған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1 500 000 теңгені құрайды.

Осыған ұқсас жағдайды Шу ауданының тәртіп сақшылары да тіркеген. Онда 26 жастағы ер адам миллион теңгеден астам шығын келтіріп, жалған түбіртектермен сауда жасаған.

Осы орайда, Жамбыл облысының полиция департаменті кәсіпкерлерге қырағы болуды және тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз төлемді тек банк терминалдары арқылы қабылдауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972909-tarazda-birnese-ai-boiy-duken-satusylaryn-aldap-sauda-zasap-kelgen-3-zigit-ustaldy/

pixel