Қазақстан шекарасын кесіп өтуде вакциналау мен ПТР тест анықтамасын көрсету талабы жойылады
Опубликовано:
8 маусымнан бастап қазақстандықтар мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талаптары жойылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі үкіметтің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен республика аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.
Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия:
- биыл 8 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну талабын алып тастау туралы;
- республиканың жеті өңіріндегі Қазақстан республикасы мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972958-qazaqstan-sekarasyn-kesip-otude-vakcinalau-men-ptr-test-anyqtamasyn-korsetu-talaby-zoiylady/