Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде ер адамның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі табылды (видео)

Опубликовано:

Есірткі
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер "Қарасора" жедел-алдын алу шарасы аясында Семей тұрғынын ұстады. Оның үйінен аса ірі партияда есірткі табылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның хабарлауынша, "Қарасора" жедел-алдын алу шарасы елімізде есірткі қылмысымен күресті күшейтуге бағытталған.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 38 жастағы Семей тұрғыны есірткі жеткізу және сату арнасын құрмақ болған. Ақпарат алған жедел уәкілдер оны қылмыс үстінде ұстады.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов күдіктінің үйінен тінту кезінде 25 келіден астам марихуана табылғанын айтты. Барлық препарат 335 полиэтилен пакетке салынып, әрі қарай сатуға дайындалды.

Қазіргі уақытта ер адамның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша саралануда. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973050-semeide-er-adamnyn-uiinen-asa-iri-molserde-esirtki-tabyldy-video/

pixel