Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда судья сот отырысынан кейін кенеттен қайтыс болды

Опубликовано:

Біржан Кәрібжанов
Біржан Кәрібжанов. Фото: almaty.sud.kz сайтынан

Алматыда сот отырысынан кейін қалалық соттың судьясы Біржан Кәрібжанов қайтыс болды. Бұл туралы Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Facebook-тегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елдос Жұмақсановтың айтуынша, 7 маусымда сот отырысынан шыққаннан кейін әріптесі Біржан Кәрібжанов кенеттен есін жоғалтқан.

"Өкінішке қарай дәрігерлер оны аман алып қала алмады", - дейді ол.

Жұмақсанов марқұм әріптесінің 50 жаста болғанын атап өтті.

Біржан Кәрібжановтың өмірден озғанын Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын да растады. Ол Facebook парақшасында Біржан Кәрібжанов жайлы видео жариялады.

"Қайғыдан қан жұтып тұрмын, бүгін керемет жаннан айырылдық. Бәріміз үшін де орны ерекше еді, бізге сыйлаған махаббаты мен жылуы жұбаныш болсын, ол үшін дұға етеміз", - деп жазды Абай Жарылқасын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973090-almatyda-sudya-sot-otyrysynan-keiin-kenetten-qaitys-boldy/

pixel