Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұйымдасқан топ ұсталды

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті "Не работа" атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз еткен.

"Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында қаржы пирамидасы анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973171-turkistan-oblysynda-qarzy-piramidasyn-qurdy-degen-kudikpen-uiymdasqan-top-ustaldy/

pixel