Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

11 маусымға қарай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді. Дегенмен температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973182-zanbyr-naizagai-bursaq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel