Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аты-жөнін өзгерткен": Адам өлтіріп, шетелге қашып кеткен павлодарлық 15 жылдан кейін ұсталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: pexels.com

2007 жылдың ақпан айында Павлодардағы түнгі клубтардың бірінің жанында адам өлтіріп, қашып кеткен азамат Ресейде қолға түсті. Он бес жыл бойы халықаралық іздеуде болған қылмыскердің аты-жөнін өзгерткені анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов растады.

Оның айтуынша, жедел уәкілдер Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Алтай өлкесі, Барнауыл қаласындағы әріптестерімен өзара іс-қимыл кезінде кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген қылмыскерді ұстаған.

"Ол жылдар бойы өзінің деректерін - тегін, атын және әкесінің атын өзгертіп, Ресей Федерациясында жасырынып жүрген", - деді Болат Нұрсейітов.

Қазіргі уақытта қолға түскен азамат Барнауыл қаласы бойынша Ресей Ішкі істер министрлігінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Болат Нұрсейітов қылмыскерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973186-aty-zonin-ozgertken-adam-oltirip-setelge-qasyp-ketken-pavlodarlyq-15-zyldan-keiin-ustaldy/

pixel