Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен әуежайынан күдікті зат табылды деген ақпараттан соң адамдар эвакуацияланды

Опубликовано:

Әуежайдың іші
Көрнекі фото: pixabay.com

Полицияға күдікті зат табылғандығы туралы хабарлама түскеннен кейін Өскемен әуежайынандағы адамдардың барлығы эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 8 маусым күні сағат 15.32-де "102" нөміріне Өскемен әуежайында жүкті сканерлеген уақытта күдікті заттың табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Тез арада оқиға орнына арнайы мамандардың жеткені белгілі болды.

"Жолаушылар мен әуежай қызметкерлері эвакуацияланды. Әуежайдың жұмысы тиісті тексерістен кейін қайта басталады", - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Кейінірек, ведомство қауіпті заттың табылмағаны туралы хабарлады. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген азаматтың сотталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973228-oskemen-auezaiynan-kudikti-zat-tabyldy-degen-aqparattan-son-adamdar-evakuaciyalandy/

pixel