Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада бала күтуші жұмыс берушілерінен 3 мың АҚШ долларын ұрлап кеткен

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтанда "Есіл" ауданы бойынша полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде үй иелерінен ақша ұрлады деген күдікпен күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Тергеу барысында 31 жастағы әйелдің аталған отбасына бала күтуші болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол бір ай жұмыс істегеннен кейін үйден қомақты қаржыны байқаған. Кейін үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, мезгіл-мезгілімен ұрлық жасаған. Жалпы ол 3 000 АҚШ долларын ұрлаған.

Уақыт өте үйдің иесі ақшаның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973237-elordada-bala-kutusi-zumys-berusilerinen-3-myn-aqs-dollaryn-urlap-ketken/

pixel