Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда Ираннан келген әйелдің пәтерінен 40 келіге жуық есірткі табылды

Опубликовано:

Есірткі заттары
Фото: Polisia.kz

Ақтауда шетелдік әйелден 40 келіге жуық апиын есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірін тінтіді. Оның барысында жалпы салмағы 39 килограмды құрайтын "апиын" есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдікті ретінде Иран Республикасының тумасы анықталып, ұсталды. Ақтау қаласының тергеу соты күдіктінің қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды.

Аталған факт ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973245-aqtauda-irannan-kelgen-aieldin-paterinen-40-kelige-zuyq-esirtki-tabyldy/

pixel