Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда аммиактан бес адам уланып ауруханаға түсті

Опубликовано:

аурухана11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда балмұздақ цехында төгілген аммиактан бес адам уланып ауруханаға түсті. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр.

Хабар 24 мәліметінше, қазіргі уақытта үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуі токсикология бөлімінде. Бесіншісі стационарлық емдеуден бас тартқан.

Ал компания өкілі мұздатқыш цилиндрдің тығыздауышы бүлініп, 500 грамдай аммиак төгілгенін хабарлады. 

Уланғандардың барлығының қаптама бөлімінің мамандары екені белгілі болды.

Аталған ауысымда өндірілген 2 тонна балмұздақ саудадан алынып, арнайы қоймаға қойылған.

"Аурудың белгілері есі толық болмайды және құсу, жүрек айну белгілері болады. Әлсіздік көп мазалайды. Аммиак деген ол сұйықтық. Ашылған күйде ауаға тарайды да сонымен-ақ адамдар уланады", - деді қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі Бауыржан Омаров.

Компания да бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Барлық ауысымдағы қызметкерлер эвакуацияланды. Жедел жәрдем шақырылды. Өз тарапымыздан біз толық еммен қамтамасыз етеміз және арнайы көрсетілген өтемақы төленеді", - деді компания өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973256-almatyda-ammiaktan-bes-adam-ulanyp-auruxanaga-tusti/

pixel