Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басына кірпіш түскен тараздық азамат көз жұмды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды
Көрнекі фото: piqsels.com

Таразда жергілікті зауыттардың бірінде жұмысшы қаза тапты. Белгілі болғандай, оның басына кірпіш құлаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, қайғылы жағдай 8 маусым күні түнде болған.

Куәгерлер телеарна тілшісіне оқыс оқиғаның алдында ер адамның цехта жұмыс істегенін айтты.

Олар тергеушілер кірпіштің қайдан түскенін анықтауы керек деп отыр. Себебі кәсіпорында ешқандай жөндеу жұмыстары жүрмеген.

Басына кірпіш түскен жұмысшы бірден есін жоғалтқан. Дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсеткен. Алайда ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Зауыт бұны жазатайым оқиға деп бағалап отыр.

"Полицияға жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері 21:40-та ауыр жарақат алғаны туралы қоңырау түсті. Облыс орталығының 34 жастағы тұрғынының басына жұмыс орнында кірпіш құлағаны анықталды. 156-баптың 3-бөлігі ("Еңбекті қорғау ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973260-basyna-kirpis-tusken-tarazdyq-azamat-koz-zumdy/

pixel