Алматыдағы зауытта аммиак төгілді: Полиция департаменті тергеу бастады

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда балмұздақ өндіретін зауытта аммиак төгіліп, фабриканың бірнеше қызметкері зардап шеккен еді. Қалалық полиция департаменті болған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полицияның мәліметінше, аталған факті "Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қажетті тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталып, іс бойынша түпкілікті процесуалдық шешім қабылданады", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, аталған оқиға туралы 8 маусымда белгілі болды. Отандық телеарналардың хабарлауынша, балмұздақ зауытында аммиак төгіліп, бес адам жарақат алған.

Осы ауысымда өндірілген 2 тонна балмұздақ саудадан алынып, арнайы қоймаға қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973313-almatydagy-zauytta-ammiak-togildi-policiya-departamenti-tergeu-bastady/