Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановтың адвокаттары судьяны істі қараудан шеттетуді тағы сұрады

Опубликовано:

Біртанов
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қорғаушылары осымен екінші рет судья Ибрагим Әлкеновті істі қараудан шеттетуді сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Біртановтың ісі бойынша сот отырысы адвокат Нұрлан Бейсекеевтің сөзімен басталды.

Қорғаушы 2022 жылғы 26 мамырдағы қаулыға қарсылық білдірді. Онда сот прокурорлар Жараспаев, Толқанбаев және Шекеновті істен шеттетуден бас тартқан еді. Бұған дейін олар заң бұзушылыққа жол берген, сондықтан іс Бас прокуратураға қайтарылды. Алайда олар қазіргі уақытта басты сот талқылауына қатысуда, дейді қорғаушы.

Бейсекеев тараптар барлық материалмен және заттай дәлелдемелермен танысқанға дейін, сонымен қатар іске қоса берілген құжаттарды сот талқылауы тіліне аудару үшін іс жүргізуді тоқтата тұруды сұраған.

Адвокат соттың 2022 жылғы 26 мамырдағы қаулысына тағы бір қарсылық білдірді. Онда жәбірленуші Ақбаевтың өкілін шеттету және одан қорғаушы тарапынан куәгер ретінде жауап алудан бас тартылды.

Бейсекеев сот бұл өтініштерден бас тартқан кезде заңнаманы бұзғанын атап өтті.

"Сот біліксіз немесе іс бойынша шындықты анықтауға мүдделі емес деп түсінуге негіз берді", – деді Бейсекеев.

Ал судья Әлкенов Ақбаевқа қатысты мәселенің шешілгенін, сондықтан сот бұл шешімге шағымды қабылдаудан бас тартқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973323-birtanovtyn-advokattary-sudyany-isti-qaraudan-settetudi-tagy-surady/

pixel